«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орақ кезінде 32 ұрлық ашылды

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы «Астық-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Ол тамыздың 20-сы мен қазан 10-ы аралығында 52 күн бойы өткізілді. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильді топтар жұмыс істеді. Егістікте астық ұрлығын анықтау және ескерту көмегіне полицейлер баса назар аударды.

«Астық 2020» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 35 қылмыс тіркелген. Оның ішінде – 21 факті астық ұрлау, 7 факті жанар-жағармай ұрлау, 4 факті ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау, 3 факті гербицид ұрлау. 35 қылмыстың 32-сі «ізі суымай» ашылған. Көбіне ұрлықты астық науқанына жұмылдырылған кәсіпорындар мен шарушылықтардың жұмысшылардың өздері жасаған.
Астық жинау науқаны аяқталды. Учаскелік полиция инспекторлары шаруашылықтар мен кәсіпорындарға барып, басшыларына қоймалардың тиісті деңгейде күзетілуін ұйымдастыру қажеттігі туралы ескертуде, сондай-ақ бейне бақылау камераларын барынша пайдалануға кеңес береді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp