Жуырда облыстық экология департаментінің басшысы Ерболат Омаров пен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов жасыл екпелерді ұлғайту, ормандарды молықтыру және орман өсіру туралы меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек, меморандумға сәйкес экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау аясында Петропавлдағы жасыл өсімдіктер алаңын қысқартуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды. Сондай-ақ, табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу аясында санитарлық қорғау аймақтарын көгалдандыру бойынша шараларды қолға алады. Ал табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жасыл екпелерді отырғызу арқылы ормандарды және орман өсіру алаңдарын кезең-кезеңімен ұлғайтады.
Жалпы, үстіміздегі жылдың соңына дейін ормандарды молықтыру және орман өсіру алаңдары 750 гектарға ұлғайтылады. Ал 2021 жылы – 800, 2022 жылы – 850, 2023 жылы – 900, 2024 жылы 1000 гектарға көбейту жоспарланған.
Наталия ПЯТКОВА,
облыстық экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы.