«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРМАН ҚАМҚОРЛЫҚҚА ЗӘРУ

Орманның адам үшін маңызы зор екені талассыз. Қарапайым ғана мысал келтірсек, орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады, аң-құстарға мекен, дәрілік өсімдіктерге пана болып, ауаны тазартады.

Орманды қорғау, онда жүріп-тұру ережелерi Орман кодексiнде және табиғат қорғауға қатысты бас­­­қа да заңнамалық актiлерде бел­гіленген. Заңға сәйкес адам­дар орманға еркiн және тегiн не­гіз­де баруға, демалуға, сондай-ақ, өз қажеттiлiктерi үшiн жабайы же­мiстер, саңырауқұлақтар және бас­қа да азық-түлiк ресурстарын жи­науға құқылы. Тек “Қызыл кi­тап­қа” енгiзiлгендеріне тиіспесе болғаны.

Әдетте, жазда табиғат аясын­да демалушылар саны артады, со­ған сай мемлекеттiк орман кү­зетiнің жұмысы да еселенеді. Ха­лықтың сүйiктi демалыс орында­рын ластанудан сақтап, таза ұс­тау мамандардың жіті қадаға­ла­уына алынған. Бекітілген аумақ­тарда тұрақты түрде ұйымдасты­рылатын рейдтік шаралар заң бұ­зушыларға қарсы күресте тиімділігін көрсетуде. Жыл сайын мемлекеттік орман шаруашы­лық­тары осы мақсатта экологиялық ак­циялар, сенбіліктер мен мем­ле­кеттік орман қорын абаттанды­руға қатысты басқа да іс-шаралар ұйымдастырады.

Биылғы жылдың басынан бері жергілікті орман шаруашылық­та­ры ауыл шаруашылығы тауарла­рын өндірушілер үшін 742 нұсқа­ма әзірледі, қоршаған ортаны қор­ғау тақырыбы бойынша үш мың­нан астам жадынама таратылды. Еліміздің келешегі жарқын болуы үшін тәрбие жұмыстарының кез келген түрін өскелең ұрпақтан бас­тау маңызды екені үнемі айтылу­да. Сондықтан табиғатты қорғау­дың мән-маңызын түсінетін жас­тар­ды тәрбиелеу мақсатында бі­лім беру мекемелерінде 465-тен астам әңгімелесу, түсіндіру шара­лары өтті. Мемлекеттік орман қо­ры­ның аумағында қоқыс төгуге, от қойып, өсімдіктер мен жануар­лар дүниесіне қандай да бір за­рар келтірмеу керектігі ескертіл­ген жазбалар орнатылды.

Қоршаған ортаның ластан­уы­на әсер ететін жағдайлар жетер­лік. Ағаштарды заңсыз кесуден, ор­ман өрттері мен рұқсат етілме­ген қоқыс орындарының салда­ры­нан болатын зарарды қалпына кел­тіру кей жағдайда мүмкін бол­май жатады. Мұндайда жауап­кер­­шілік мемлекеттік орман ша­руа­шылығының иелеріне артыла­ды. Жаз мезгілінде мемлекеттік ор­ман күзетшілеріне облыс орта­лы­ғындағы Мещан орманы, “Во­ро­ний остров” демалыс базасы, Есіл өзені мен Пестрое көлінің жа­ғасын бірнеше рет қоқыстан та­зар­туға тура келді. Осылайша, ор­маншылар өздерінің негізгі мін­дет­терінен сәл ауытқып, уақы­тын демалушылардан қалған қал­дықтарды жинастыруға жұм­сайды.

Үстіміздегі жылдың сегіз айын­да алдын алу және тексеру ша­ра­ларының нәтижесінде табиғат қор­ғау заңнамасын бұзуға қатыс­ты 180 факті анықталды. Бесеуі – ағаштарды заңсыз кесуге, 32-сі – орман шаруашылықтары белгі­ле­ріне зақым келтіруге, 73 жағдай өрт қауіпсіздігін және санитарлық талаптарды сақтамауға қатысты. Сонымен қатар белгіленген жал­пы тәртіпті және кесілген ағаштар қорын пайдалану тәртібін бұзу­дың – 14, аң аулауға қойылатын талаптарды сақтамаудың – 21, ба­лық аулауға қатысты 7 және шөп шабу ережелеріне бағынбауға қа­тысты он факті тіркелді. Мемле­кет­тік орман күзеті аталған факті­лерге қатысты 1747 мың теңге айыппұл салса, соның 97 пайызы өндірілді. Орман шаруашылы­ғы­на келтірілген 912 мың теңге шы­ғынның 763,4 мың теңгесінің орны толтырылды.

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА,

облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp