«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНСҮЙГІШ ҰЛАНДАР

Облыс орталығындағы “Жас арлан” әскери-патриоттық клубы өткен жылдың қыркүйек айында ауған соғысы ардагерлері кеңесінің бастамасымен құрылған болатын. Қазір оған қала мектептерінің оқушылары ғана емес, ауылдық жердегі білім ошақтарының оқушылары да қатысып жүр.

– Бүлдіршіндеріміз әрқашан бейбіт аспан астында өмір сүріп, ешқашан қолдарына қару ұстамасын деп тілейміз. Дейтұрғанмен, біз өз елімізді қорғау үшін балаларды осы уақыттан бастап дайындауымыз қажет. Әскери патриоттық клубтар да балаларды шымыр етіп шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді клуб жетекшісі Ерік Тәттібаев.

Әскери-патриоттық клуб – балаларға арналған қосымша білім беру мекемесі. Тәрбиеленушілері қысқа уақыт ішінде спорттық және қоғамдық шараларға қатысып үлгерді. Қазір жеткіншектер Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанының 30 жылдығына дайындалу үстінде.

Өзін-өзі қорғауды үйреніп, алғашқы әскери дайындық техникаларын меңгеріп жүрген өрендердің бірі – Даниэль Коновалов. Таэквондомен сегіз жасынан бері шұғылданып жүрген ол әскери-патриоттық клубқа осыдан бірнеше ай бұрын ғана келген. Жас спортшы алғашқы әскери дайындық сабақтарына қызығушылықпен қатысатынын айтады.

Клубтың материалдық-техникалық базасы барынша нығайтуды қажет етеді. Балалар бүгінде қа-жетті жабынның жоқтығынан тай-ғанақ еденде шынығып жүр. Ұйым-ның қызметін қалалық ардагерлер кеңесі жоғары бағалап, алдағы уақытта басқа мектептерде де ашу-ға кеңес беріп отыр.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp