«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАР ҚОЙ ЖОҒАЛДЫ

Қызылжар аудандық полиция бөліміне “Крахмал-Агро” ЖШС-нің бригадирінен Шаховское ауылынан 10 км. жердегі жайылымнан 310 бас қойдың жоғалғаны туралы шағым келіп түскен. Оқиға орнына бірден шұғыл жедел-тергеу тобы барған.

Түстен кейін ұйқыға кеткен шопан оянған кезде жайылып жүрген қойлардың жоғалғанын көріп, алдымен өзі іздегені белгілі болды. Екі тәулік өткеннен кейін ғана қойдың жоғалғаны туралы басшылығына хабар берген. Қойларды іздеуге Аққайың және Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімдерінің және “Крахмал-Агро” ЖШС-нің қызметкерлері қатысқан, бұдан бөлек, жақын маңдағы ауылдардың адамдары көмекке келген.
Іздеу барысында Аққайың ауданындағы Григорьевка ауылы маңында ұсақ малдың ізі анықталғаны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-тергеу тобы хабарланған жерге шығып, орман маңынан жоғалған қойларды тапқан. Отар Шаховское ауылынан орманға қарай 50 км. жерге ұзап кеткен екен. Қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды, алайда, тергеу органдары мал бағу кезінде жауапкершілікпен қарау жайлы агроқұрылым басшылығының атына хат жолдады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp