“Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады” деген нақыл сөз бар. Расында да, адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз нәзік жанды шаңырақтың киесіне балаған.
Тағылымды тарихымызда қайраткерлік қасиет қонған аналарымыздың да өмір сүргені мәлім. Ұлан-ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған аяулы жандардың өшпес өнегесі мен дәстүрі бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Әйелдер қауымы қоғам жүгін қайыспай көтеріп, қатардағы қызметкер де, білікті басшы да бола білді. Сондықтан сіздердің отбасы берекесімен бірге Тәуелсіздігімізді нығайту ісіндегі ерен еңбектеріңізді айту – біз үшін зор мақтаныш.
Әйел қуанышы – әр отбасының, Отанның мерейі. Құрметті арулар, аналар! Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, игілік тілеймін!
Спартак РАМАЗАНОВ,
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры.