«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Биыл елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді. Бұл — еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады», — дейді Айжан Есмағамбетова.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp