«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оққа ұшқан сібір елігі

Мамлют аудандық полиция бөліміне Есіл ауданындағы аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінен жақын маңдағы Новое ауылының жанында елікті заңсыз аулау фактісін анықтағандары туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясының және аңшылық шаруашылығының қызметкерлері «Audi 100» автокөлігін тоқтатқан. Көлікте Мамлют ауданының үш тұрғыны және оның салонында тіркелмеген екі ұңғылы 12 калибрлі ИЖ-58 аңшы мылтығы, қоңыр түсті іздермен төсеніш болған. Бірнеше метр жерден атылған сібір елігі табылған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сібір елігін заңсыз аулаудың тағы бір фактісі Шал ақын ауданында анықталды. Жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы қызметкерлері Алқаағаш ауылынан шамамен 8 км. жерде сібір елігінің атылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында Алқаағаш ауылының үш тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан еліктің еті, 12 калибрлі екі гильза, сондай-ақ ВАЗ 2106 автокөлігі алынды. Алынған елік еті сараптамаға жіберілді. Ұсталғандарға қатысты тергеу жүргізілуде.
Жыл басынан бері заңсыз аңшылық бойынша 17 қылмыстық іс қозғалды. Күзгі аңшылық маусымының басталуына байланысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp