«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢ НӘТИЖЕ БАР

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына жүргізілген ішкі бақылау жергілікті атқарушы органдардың жұмысын әлі де жетілдіре түсу керектігін көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі облыстық департамент мамандары бұл бағыттағы жұмысты бір сәт те босаңсытқан емес. Бұл жұмыс төтенше жағдай режіміне қарамастан тұрақты бақылауда.

 Жуырда департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев пен мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері облыстық басқармалар мен аудандар әкімдері аппараттарының қызметтерді көрсету сапасына жауапты өкілдерінің қатысуымен вебинар өткізді. Жұмысты жаңаша ұйымдастыру карантин жағдайында өзінің тиімділігін көрсетті. Бұған дейін ішкі бақылауды жүргізу тәртібі бойынша аудандар әкімдерінің аппараттары мен облыстық басқармаларға бірнеше рет ескерту жасалған болатын. Атап айтқанда, тексеру мерзімдеріне, тиісті басшыларды бақылау жүргізу туралы бұйрықтармен уақтылы таныстыруға қатысты сын-ескертпелер жасалған еді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың барлық мамандары семинарға қатысқанын пайдалана отырып, департаменттің бас мамандары Әсел Әубәкірова мен Еркін Жақслықов ішкі бақылауды жүргізудің негізгі қағидаттары мен оны өткізу кезінде жол берілетін негізгі кемшіліктер туралы кеңінен баяндап берді. Ішкі тексерістерге аудан әкімдері аппараттарының басшыларын қатыстыру туралы шешім қабылданды.
 Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1 мамырдан бастап тұрғындарды қабылдауды шектегендіктен, мемлекеттік корпорацияның қызметі де талқыланды. Енді облыстық басқармалар мен әкімдер аппараттары ішкі бақылауға жауапты мамандарды пайдалана отырып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
 Кеңес барысында мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Индира Баженова ауылдық әкімдіктерден бастап облыстық басқармаларға дейін барлығы тұрғындар электронды қызметтерді өз бетінше алуына қолайлы жағдай жасау керектігі туралы ұсыныс айтты. Сондай-ақ, аумақтық департаменттердің ғимараттарында Connection Point орнату мәселесі қаралды.
 Онлайн кездесу сонында маңызды көрсеткіштер рейтингінің қорытындысы қаралды. Аталмыш жұмыстың кураторы Гүлнар Жусалина қатысушыларды әкімдіктердің қайсысы қай орынға жайғасқанын айтып, көш соңында қалғандарға жұмысты жандандыруға кеңес берді. Былтырдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл жұмыс аудандар әкімдері аппараттарының қызметіне оң әсерін тигізгенін айта кеткен жөн. Биыл рейтингті бағалау көрсеткіштері жетілдіріле түсті, енді үздік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін әкімдіктерге бұрғынғысынан да сапалы жұмыс істеуге тура келеді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Есіл, Қызылжар, Аққайың аудандары көш бастады.
 Вебинарды қорытындылаған департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев Елбасы тапсырмасына орай электронды жолмен көрсетілетін қызметтердің санын 90 пайызға жеткізу қажеттілігін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарға электронды қызметтердің үлесін арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігі туралы ұсыныс жасады.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp