«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парақор полицейдің басшысы да жазаланды

Облыстық полиция департа­мен­тінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев жуырда сап­тық бөліністердің жеке құрамы­мен кездесті. Кездесу патрульдік жә­не жергілікті полиция бөлініс­те­рінде сыбайлас жемқорлық қауіп­те­рінің алдын алу және заңдылық пен тәртіптің сақталауын қамта­ма­сыз ету мақсатында өткізілді. Де­пар­тамент бастығы офицерлерге нақ­ты міндеттер жүктеді, бұл адам­дардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету бойынша жұмыс тиімді­лігін арт­тыруға, полиция мен аза­мат­тық қоғам арасында ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді.

– Қыркүйек айында патрульдік по­лиция қызметкерлеріне қатысты анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының фактісі тәр­тіптік комиссияның отырысында қаралды. Әкімшілік жауапкерші­лік­тен жалтарту үшін пара алған күдікті қызметкермен қатар, тіке­лей басшыларына да қатаң шара­лар қолданылды, – деді облыстық полиция департаментінің бас­ты­ғы. Жыл басынан бері облыс ау­мағында бес полиция қызметкері сы­байлас жемқорлық құқық бұзу­шылығын жасаған. Олардың ара­сында патрульдік полиция қызмет­керлері де бар.

Марат Төлебаев кез келген сы­байлас жемқорлық көріністеріне және басқа да заңсыз әрекеттерге қолайлы жағдай туғызатын фак­тор­ларды болдырмау қажет екенін атап өтті. “Алып жүретін бейнетір­кеуіштерді қызметте пайдаланбау және бекітілген маршруттан ауыт­қу фактілеріне жол берілмеуі ке­рек. Патрульдік автокөліктердегі ды­быс пен бейнені түсіретін каме­ралар полиция жұмысының ай­қын­дылығына ықпал етуі тиіс”, – деді полиция ведомствосының бас­тығы. Сондай-ақ, полицияның мін­деті ықпал ету шараларын қабыл­дау ғана емес, адамдарға олар­дың құқықтары мен мүдделерін қор­ғауға қатысты кез келген мә­се­лелер бойынша көмек көрсету еке­нін атап өтіп, халықпен байланыс қажеттігіне баса назар аударды.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp