Үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның қызметкерлері облыстық ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып жүргізген жедел шара барысында қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полициясы бөлімінің жедел уәкілдері, полиция капитандары Ж.Сахатов пен Е.Шәйіновті 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан кезінде қолға түсірді.
Екі күдікті де Қазақстан Республикасы Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалды.
Қошан ҚАЛИ,
“Солтүстік Қазақстан”.