Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол “Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басқармаларының бірінде басшының міндетін атқарған. Лауазымды тұлға бұрын орындалып қойған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасасқан мердігер ұйымның директорынан 900 мың теңге шамасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне сәйкес әзірге жария етілмейді. Түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.