«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЛАСТИКТІ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Кеше  Астанада өткен жалпыұлттық телекөпiр барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Петропавлдағы  пластик өнімдері зауытын iске қосты.

Заманауи зауыт Қазақстандағы пластикті толық өңдей алатын жалғыз өндiрiс ошағы болып табылады. Қайталама шикiзат елiмiздiң бүкiл өңiрлерiнен және Ресейдiң көршiлес облыстарынан жиналады. Жаңа зауыт «қарапайым заттар экономикасы» бойынша жұмыс iстеп, халық күнделiктi тұрмыста тұтынатын шелек, кесе, су құйғыш, қоқыс қаптары сияқты өнiмдерді шығарады. Кәсiпорын жылына 20 мың тонна өнiм өндiріп, 180 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp