«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ АУРУХАНАҒА ҚАЛАЙ ЖАТУҒА БОЛАДЫ?

Газет оқырмандарынан медицина саласына қатысты сұрақтар түсіп жатады. Құрметті оқырман, Сіз де газетіміздің электронды поштасына хат жолдай аласыз.

Сұрақ: Емдеуге жатқызу порталы арқылы ауруханаға қалай жатуға болады?

Бұл сауалға республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Татьяна Баязитова жауап береді.

Жауап: Емдеуге жатқызу үшін учаскелік дәрігер немесе тар шеңберлі маман анықтаған науқас қажетті тексерілуден кейін расталған көрсеткіштерден соң ұсынылып отырған стационарлардың бірінде емделуге өзінің тілегін білдіреді. Облыстың әрбір стационарында барлық бейіндегі бөлімдердің болмауын түсіну қажет, мысалы, офтальмологиялық бөлім облыстық ауруханада және “Айнакөз” көз орталығында ғана. Ересектерге арналған травматология – тек №3 қалалық ауруханада ғана. Науқасты емдеуге жатқызуды ресімдеу барысында дәрігер науқасқа облыстың қандай да бір стационарындағы бос орынның бар екенін хабарлайды. Ол орындарға кезектің болуына байланысты күтудің болжамды мерзімі есептеледі. Және науқастың күту ұзақтығымен келіспеуі жағдайында күту мерзімі біршама азайтылып, басқа ұқсас ауруханаларды ұсынады. Бірлескен таңдаудан кейін науқас емдеуге жатқызуға порталда тіркеледі, мұнда оған емдеуге жатқызудың коды автоматты түрде беріледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp