«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦИЯҒА КЕЛІҢІЗ, арызыңызды айтыңыз

13-22 шілде аралығында облыс аумағында “Учаскедегі қабылдау” акциясы жүргізілуде. Ішкі істер органдарының басшылары барлық учаскелік пункттерге шығып, азаматтарды қабылдауда.  Аталмыш шараның мақсаты – заңгерлік көмек көрсету, тұрғындардан әкімшілік аумақтағы құқық тәртібі жағдайы жайында ақпарат алу, ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру, қызметтегі мөлдірлікті қамтамасыз ету болып табылады. Азаматтардан ведомстволар мен мемлекеттік органдар құзыретіне байланысты …

ПОЛИЦИЯҒА КЕЛІҢІЗ, арызыңызды айтыңыз Read More »

“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ” ПОРТАЛЫ уақытыңызды үнемдейді

Әділет департаментінің аумақтық органдарында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында “Аты-жөні мен тегін ауыстыруды тіркеу, соның ішінде азаматтық жағдай актілерінің жазбаларына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу” қызметі көрсетіледі. Алыс орналасқан елді мекендер тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тіркеуге өтініш беру Жедел орталықтар арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа аталмыш қызметті мемлекеттік қызмет түрін алушыда …

“ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ” ПОРТАЛЫ уақытыңызды үнемдейді Read More »

Жерлес боксшының жеңісі

  Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов кәсіби бокста кезекті жеңіске қол жеткізді, деп хабарлады “ҚазАқпарат” агенттігі. Бұл жолы жерлесіміз украиндық Юрий Воронинді тізе бүктірді. Минск қаласында өткен жекпе-жек 8-раундта техникалық нокаутпен аяқталды.Жанат Жақияновты танымал британдық былғары қолғап шебері Рикки Хаттон жаттықтырады. Бұдан бұрын ол қазақстандық спортшының қарым-қабілетінің аса жоғары екендігін, тіпті, жақын арада чемпиондық …

Жерлес боксшының жеңісі Read More »

Тағайындау

Өңір басшысы Самат Ескендіровтің өкімімен Шолпан Таңатқызы Каринова Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ш. Каринова Көкшетау педагогикалық институтын қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы орта мектептің пионер вожатыйы болып бастаған. Облыс мектептерінде орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып еңбек …

Тағайындау Read More »

БІР ӘКІМ ЛАУАЗЫМЫНА – 3 ҮМІТКЕРДЕН

Республиканың барлық өңірлерінде Қазақстанның аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті. “Республика бойынша 7162 кандидат ұсынылды. Атап айтқанда, бір әкім лауазымына орташа есеппен 3 үміткерден келіп отыр”, – деді ол.Ұсынылған кандидаттардың 17,3 пайызы …

БІР ӘКІМ ЛАУАЗЫМЫНА – 3 ҮМІТКЕРДЕН Read More »

ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУЫП, ТӨРТ ТҮЛІКТІ КӨБЕЙТТІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ақжар ауданындағы Ленинград ауылының тұрғыны Қуат Ғабдуллиннің шаруа қожалығында 100 бастан астам қой, 20 бастан астам ірі қара, жиырма шақты жылқысы бар еді. Жуырда оның өрісіне асыл-тұқымды 13 бас ірі қара қосылды. Малсақ жан “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 2,5 миллион теңге несие алып, оған қазақтың ақбас сиырының тайыншаларын сатып алған. Мал шаруашылығымен …

ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БУЫП, ТӨРТ ТҮЛІКТІ КӨБЕЙТТІ Read More »

МЕНІҢ БАБАМ, АСЫЛ ДАНАМ

Шерияздан БӘШЕЕВ. Уа, Тәңір, шүкіршілік бұл ісіңе,Жан бердің өлді деген бір кісіңе.Ол менің Қожаберген бабам еді,“Елім!” деп еңіреп өткен тірісінде. “Асылдың асылы еді Қожаберген!”,Осылай бағалаған оны көрген.Әйгілі билер оның тұстасы еді,Мерейі бар қазақтың бола білген.

Мағжанның жыры

Сан жылдар күтіп, сағына,Қауыштым саған тағы да…Мағжанның жыры – құдірет,Мағжанның жыры – мағына. Әр сөзі – алтын-күмістен,Бірде бал, бірде у ішкен.Мағжанның жыры жоғары –Бәрінен биік, тұр үстем.

ДАСТАН ДӘРУІ

Еріксіз ел-жұртымды елеңдетіп,Өлкеде барады өтіп өлеңдетіп.“Басынан Қаратаудың көш келеді”…Қайғысын қалың елдің тереңдетіп. Сарыны ескіргендей басқа өлеңніңДабылы естілгендей босқан елдің.Жанары ашылғандай зағиптардың,Құлағы ашылғандай таскереңнің.

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ

Ізі бар ықылымның таңбасында.Сөзі бар жетер әлі сан ғасырға.Өтсе де талай заман Қожаберген Тұрады жыраулардың ең басында. “Ақтабан, айхай заман, шұбырынды”…Санаға сіңірді ол бұл ұғымды.Жалғады шежіресін шемен елдің,Тұрғанда үзілгелі ғұмыр мұңды.

“ЕЛIМ-АЙ!” ДАСТАНЫ

“Елім-ай!” дастаны,Елімнің аспаны,Жерімнің киесі,Өмірдің жүйесі,Тарихым секілді Жазылған тастағы!

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ “БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ” КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ереже 1. Осы ереже мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында республикалық конкурстың іріктеу турын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді. 2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану. 3. Міндеттері: 3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ “БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ” КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ Read More »

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Бесінші шақырылымның ХVI сессия

Петропавл қаласы 2013 жылғы 28 маусым №16/1   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 …

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Бесінші шақырылымның ХVI сессия Read More »

ШАБЫНДЫҚТА – ШАЛҒЫ СЫРЫЛЫ

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Астық өсірген диқандарға да, төрт түліктен табын-табын төл өргізген малшыларға да жылан жылының жазы жайлы тиген сыңайлы. Мамыражай маусым жер-дүниені жасыл желекке бөлеп, шіліңгір шілде жаңбырын, ыстығын аямай төгіп, елдің молшылық жылы болғай деген тілеуі оңғарылғандай. Қызылжар өңірінде кең қанат жайған жауапты науқанның бірі – мал азығын әзірлеу жұмыстарына жұмыла кіріскен …

ШАБЫНДЫҚТА – ШАЛҒЫ СЫРЫЛЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР НАМЫСҚА МІНДІ

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Оқжетпес” және “Астана – 1964” командаларына ойсырай ұтылып, ұпай жоғалтқан қызылжарлықтар соңғы кезде ширыға бастады. Олардың үш бірдей жеңістен тұратын сәттілік жолы Қарағандыда басталды. Жергілікті “Гефест” командасына қонаққа барған “Қызыл-Жар СК” қарсыластарын 1:0 есебімен ұтып келді. Келесі ойын өз алаңымызда өтті. “Қарасай” стадионында біздің құрама алматылық “ЦСКА”-ны қабылдады. Тартысты ойында табандылық …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР НАМЫСҚА МІНДІ Read More »

КӨШЕГЕ ДЕ, ҮЙГЕ ДЕ КЕЛІП ТҰР СУ…

Су – тіршілік көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елді мекендерді ауыз-сумен қамтамасыз ету үшін салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. 2002-2010 жылдарға арналған “Ауызсу” бағдарламасы бойынша еліміздің 3449 елді мекені ауызсумен қамтамасыз етілсе, бүгінде бұл жұмыс “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында жалғасын табуда. Таза ауызсуға қол жеткізгендердің қатарында Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласы да бар.  Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, …

КӨШЕГЕ ДЕ, ҮЙГЕ ДЕ КЕЛІП ТҰР СУ… Read More »

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАНБАЛЫЛЫҒЫН ЕНГІЗУ жергілікті жерлерде мемлекеттік басқаруды сапалы түрде өзгертеді

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу – Қазақстан қоғамында көптен бері талқыланып келе жатқан мәселе. Мемлекет басшысы өзінің “Қазақ­стан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың …

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАНБАЛЫЛЫҒЫН ЕНГІЗУ жергілікті жерлерде мемлекеттік басқаруды сапалы түрде өзгертеді Read More »

ӨҢІРДІҢ БАС БІЛІМ ОРДАСЫ

Елімізде білім мен ғылым саласына шетелдік білікті профессорларды тарту мақсатында академиялық және ғылыми ұтқырлық бойынша жұмыс жүргізу басталды. Бұл білім беру сапасын жетілдіру және Болон үдерісінің негізгі параметрлерінің бірі ретінде еліміздің жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық және мансап орталықтарын құруға түрткі болды. Осы орайда өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де құрылған дәл осындай орталықтың жұмысы жайлы білмек …

ӨҢІРДІҢ БАС БІЛІМ ОРДАСЫ Read More »

ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛГЕН ЖАСТАРҒА студенттік еңбек биржасы жәрдемдеседі

Осыдан үш жыл бұрын оқудан бос кезінде студент жастарды маусымдық жұмыспен қамту, яғни оларға қосымша қаражат табуға мүмкіндік беру мақсатында облыс орталығында студенттік еңбек биржасы өз жұмысын бастаған болатын. Үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында еңбек биржасының жаңа маусымы ашылғалы атқарылған жұмыс барысымен таныспақ ниетпен биржаның жұмысына жауапты “СҚО Жастар ұйымдарының одағы” ЗТБ-нің директоры Лидия Грабарьмен …

ЖҰМЫС ІСТЕГІСІ КЕЛГЕН ЖАСТАРҒА студенттік еңбек биржасы жәрдемдеседі Read More »

“АҚЫЛДЫ ҮЙ” – жергілікті өнертапқыштар жобасы

Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: пәтеріңізге кірген кезіңізде автоматты түрде жарық қосылып, желдеткіш бөлмеде Сізге қолайлы температураны ұстап, өз бетімен қосылып-сөндіріледі. Бұл – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің көпсалалы колледжінің “Радиотехника және байланыс” мамандығының 3-курсының оқушылары Николай Першин мен Сергей Фёдоровыхтың ғылыми жобасы. Әзірге жас өнертапқыштар оны тек макет жүзінде ғана жүзеге асыра алды. Алдағы уақытта олар өз …

“АҚЫЛДЫ ҮЙ” – жергілікті өнертапқыштар жобасы Read More »