«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТОНАҒАН ұры қолға түсті

Қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында бірнеше автокөлікті тонаған 34 жастағы қала тұрғынын ұстады.    Сәуір айынан бері қалалық ІІБ-ге үй ауласында тұрған көліктерден құнды заттардың жоғалғандығы жөнінде бірқатар шағым түскен. Ұры қылмысты түнгі уақытта жасап, құжаттар мен ақшаны, радиоаппаратура, автомагнитола мен басқа да заттарды алып кетіп отырған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде бұрын …

АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТОНАҒАН ұры қолға түсті Read More »

Зілтеміршілеріміздің қоржынында – 11 медаль

Облыс орталығында зілтемірді серпе көтеруден және пауэрлифтингтен ел біріншілігі өтті. Еліміздің 200-ден астам мықты спортшысы бақ сынаған бәсекелі додада өңір намысын 30 үміткер қорғады.  Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Шараның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин мен ҚР Пауэрлифтинг федерациясы төрағасының орынбасары Владимир Новоселов сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Тәрбиеленушілеріміз топ жарып жүр

Кенжегүл ХАМЗИНА, облыстық ұлттық спорт мектебі директорының орынбасары. Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ ойыны – ата-бабамыздан мирас болып қалған асыл мұрамыз. 2004 жылы Петропавл қаласында облыстық ұлттық спорт мектебі ашылғаннан бері өңірдің жас жеткіншектерін аталмыш спорт түрлеріне баулу жұмысы қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта біздің мектепте, қазақ мектеп-гимназиясында, Ақжар, Шал ақын, Мағжан Жұмабаев аудандарында ашылған бөлімдерде …

Тәрбиеленушілеріміз топ жарып жүр Read More »

МИНИСТР ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ЖЕТКІЗІП, облыстағы жағдайға оң баға берді

Қызылжар өңірінде майлы дақылдар өсіруді дамыту қажет. Мұны облысымызға жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты. Ол облыс әкімі Самат Ескендіровпен бірге Тайынша ауданындағы бірнеше агроқұрылымдардың жұмысымен танысып, жергілікті ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесті. Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, журналист. Еліміздің бас аграршысы алдымен Абай ауылдық округінде орналасқан “Астық STEM” ЖШС-де болды. Бұл жерде бидай мен зығыр …

МИНИСТР ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ЖЕТКІЗІП, облыстағы жағдайға оң баға берді Read More »

Ер адамды ажалдан құтқарған қыз

  Динара ҒАББАСОВА, Есіл аудандық ТЖБ-і бастығының м.а., өртке қарсы қызмет подполковнигі. Үстіміздегі жылдың 26 маусымында кешкі сағат сегізде Явленка ауылының маңындағы Есіл өзенінде суға шомылып жүрген 25 жастағы мұғалім Ксения Шестоперова бір мезетте жанұшыра жәрдемге шақырған адамның дауысын естиді. Айналасына көз салып қараған ол жақын маңда дария иірімінде суға кетіп бара жатқан азаматты көрген. …

Ер адамды ажалдан құтқарған қыз Read More »

“АҚ БИДАЙ – 2013” ауыл спорты ойындары басталды

11 шілдеде Тимирязев ауданында дәстүрлі “Ақ бидай – 2013” ауыл спорты ойындары жалауын көтерді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. Мағжан АХМАДИНА,   журналист. Осы жолы дәстүрлі жарысқа ат терлетіп келген мың жарымға жуық үміткерлер спорттың 14 түрінен – волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы, нысана көздеу, еркін күрес, үстел теннисі, армрестлинг, жеңіл және …

“АҚ БИДАЙ – 2013” ауыл спорты ойындары басталды Read More »

ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ оңай баюдың жолы ма?

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Соңғы жылдары өңір жастары арасында желілік маркетингтің қанат жайып бара жатқандығын облыс тұрғындарының бірі білсе, бірі білмейді.   Мұндай желі өкілдері болса, қала жастарын аз уақыттың ішінде саусақ қимылдатпастан астыңа “темір тұлпар” мініп, миллионер де, баспаналы да боласың деп арбауда. Студенттердің мұндай балдай тамған сөздерге бірден еліктері сөзсіз. Ақылы бөлімде оқып …

ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ оңай баюдың жолы ма? Read More »

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚТАР ҚҰРЫЛТАЙЫ

Асылбек АМАНДЫҚҰЛЫ, журналист. Жуырда Ресейдің Түмен облысындағы Абат ауданында қазақтардың Халықаралық “Құрылтай – 2013” шарасы ұйымдастырылды. Ресей еліндегі қандастарымыз аталмыш құрылтайды өткізуді игі дәстүрге айналдырған. Сұлулығы көз тартатын көлдің жағасында өткен дүбірлі тойға жиналған қауымның қарасы қалың болды. Олардың арасында еліміздің Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарынан барған өкілдер де бар.

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚҰТҚАРУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асқар Базарбаев, Арман Қожахметов, Андрей Бегенеев облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесті.   Жиында департаменттің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Павел Филиппов құтқарушылардың жыл басынан бергі атқарған жұмысын баяндап, әзірліктерімен таныстырды.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара әрекет ету және ынтымақтастық орнату жөніндегі Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ең басты міндет азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған …

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ Read More »

ЕЛДІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Жамал АХМЕТОВА, кәсіподақтардың облыстық кеңесінің төрайымы. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында ауылдық деңгейдегі басқарудың сапасын айтарлықтай жақсарту, азаматтарымыздың жергілікті маңызы бар мәселелерді жүзеге асыруға тікелей қатысуының ауқымын кеңейту керектігін атап көрсетті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын түбегейлі жаңаша қалыптастыру осының айғағы болмақ. Ол – алдағы …

ЕЛДІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ Read More »

МҮГЕДЕКТІККЕ МОЙЫМАЙДЫ

Жақында “Даму” қорының өңірлік филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері Петропавлдағы зағиптар қоғамында мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды. “Мүгедектер арасында кәсіпкерлік бастаманы дамыту” деп аталған бұл басқосуға кәсіпкерлік істі жаңа бастағандар мен бұрыннан айналысып жүрген азаматтар жиналды.   Кездесуге қазірдің өзінде кәсіпкерлік іспен шұғылданатын және “Даму-көмек” бағдарламасына қатысып жүрген көздері нашар көретін мүгедектер шақырылды. Олар …

МҮГЕДЕКТІККЕ МОЙЫМАЙДЫ Read More »

ҚҰТ ҚОНҒАН АҚБҰЛАҚ

Ақбұлақ ауылдық округі – Уәлиханов ауданындағы ең үлкен және күннен-күнге көркейіп келе жатқан аумақтық-әкімшілік бөлік. Оның жалпы жер аумағы 117180 гектар болса, соның 54127 гектары – егістік, 60023 гектары – жайылым, 25918 гектары шабындық алқап саналады. Сонымен қатар округ тұрғындары ірі қара мен жылқының және қойдың өрісін көбейтуге үлкен мән береді. Округті мекен ететін 1289 …

ҚҰТ ҚОНҒАН АҚБҰЛАҚ Read More »

Атырауда ақша бопсалаған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Атырауда қаржы полициясы шенеуніктерді кәсіпкерлік ісіне араласуда сыбайлас жемқорлыққа жол берді деп айыптап, олардың үстінен 5 қылмыстық іс қозғады. Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Индер аудандық салық ведомствосының жетекшісі 2 жылдық сынақ мерзімімен үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Нәзік жанды шенеунік жеке кәсіпкер патентінің мерзімін ұзарту үшін одан 30 мың теңге көлемінде пара …

Атырауда ақша бопсалаған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылады Read More »

Қызылордада есірткі алқабы табылды

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қызылорда-Жезқазған” тас жолының 170-інші шақырымында сораға ұқсас өсімдіктердің алқабын анықтады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. “Тексеру барысында алқапта сораға ұқсас барлығы 7265 түп өсімдік, есірткі затына ұқсас жасыл түсті шөп тәріздес заттар, 1 дана су айдайтын және 1 дана ток …

Қызылордада есірткі алқабы табылды Read More »

Қарағандыдағы ірі апат себебі анықталды

Құбырды салу кезіндегі кеткен ақаулар “Арселор Миттал Теміртау” АҚ металлургиялық комбинатындағы ірі апатқа себеп болды – арнайы комиссия қорытындысы осындай. “Құбырды салу кезінде ақаулар болған. Оны тұрғызу кезінде 1960 жылдары отқа берік кірпіштің орнына басқа материал қолданылған. Температураның ауытқуы нәтижесінде құбырдың ішкі бөлігінің қирауы орын алған. Сонымен қатар, апат болған күні желден күшті салмақ түскен”, …

Қарағандыдағы ірі апат себебі анықталды Read More »

Тұрғындардың өмірін қорғау – әрқайсымызға міндет

Туған-туысқандарымыз бен жолдастарымыздан аяқ астынан айырылу, олардан мәңгілікке көз жазып қалу – орны толмас қайғы. Сондықтан әрбір мемлекеттің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының қалыпты өмір сүруін барынша қамтамасыз ету, оларды төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: “Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” деп жазылған. Яғни, мемлекет …

Тұрғындардың өмірін қорғау – әрқайсымызға міндет Read More »

Өңір энергетиктері нормативтік шығындарын бекітті

Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры Марат Мұстафиннің төрағалығымен қоғамдық тыңдау өтті. Энергетиктер өткізген жиынның күн тәртібінде “СҚ ЭТЖ” АҚ-ның 2016 жылға дейін нормативтік-техникалық шығындар көлемін 12 пайызға дейін азайту мәселесі қаралды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Алқалы жиынды ашқан Марат Мұстафин бүгінде пайдаланып отырған нормативтердің 2013-2015 жылдарға арналғандығын …

Өңір энергетиктері нормативтік шығындарын бекітті Read More »

ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы І тоқсанда шағын кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы өткен 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 21,5%-ға өсті.Шағын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 2012 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда 21,5%-ға өсіп, 2013 жылғы І тоқсанда 47 887 теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында орташа айлық жалақы – 44 947 теңге, өнеркәсіпте – 46 183 теңге, құрылыста – …

ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ МИКРОКРЕДИТТІК ҚЫЗМЕТ

2013 жылғы І тоқсанда кредиттік ұйымдар 1 366,5 млн.теңге сомасына 372 кредит берген.  2013 жылғы І тоқсанда 55 кредиттік ±йым микрокредиттік қызметпен айналысты, соның ішінен 41-і (74,5%) – микрокредиттік ±йымдар. 2013 жылғы І тоқсанда кредиттік ±йымдар 1 366,5 млн. тењгеге 372 кредит берген, соның ішінде 280,3 млн. тењге сомасына 286-сын микрокредиттік ±йымдар берді. Жеке т±лѓаларға …

ОБЛЫСТАҒЫ МИКРОКРЕДИТТІК ҚЫЗМЕТ Read More »