«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫҒЫ мен ҚИЫНДЫҒЫ қатар жүретін мамандық иесі

Бақыт Алдабергенованы алғаш рет республика көлемінде екінші жыл өткізіліп отырған “Үздік педагог – 2013” байқауының облыстық кезеңінде сайысқан 13 ұстаздың арасынан көрген болатынмын. Сол сайыста Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Бақыт Ерікқызы өз әріптестерінің арасында оза шауып, “Үздік педагог – 2013” байқауының жеңімпазы атанған еді. Енді онымен жүзбе-жүз кездесіп, емен-жарқын әңгімелесудің …

ҚЫЗЫҒЫ мен ҚИЫНДЫҒЫ қатар жүретін мамандық иесі Read More »

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА САЙ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ”

Асхат Ахманов – Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің тарих және қоғамдық білім негіздері пәндерінің мұғалімі. Ұстаз “Тарих және қоғамдық білім негіздері сабақтарында оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушының азаматтық көз-қарасын дамыту” мәселесі бойынша жұмыс істейді. Ондағы мақсаты – оқушылардың заман талабына қарай білім мен тәрбие алуын жан-жақты қамтамасыз ете отырып, …

“МАҚСАТЫМ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА САЙ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ” Read More »

“ЖАС ЗЕРТТЕУШІ” САБАҒЫ оқ ушының танымын арттырады

Мектеп бағдарламасында ғылыми жобаға баланы дайындауға арналған “Жас зерттеуші” факультативтік сабағы берілген. 33 сағатқа бөлінген арнайы факультативтік сабақтарда ұсынылған түрлі тақырыптар бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша 1-сынып оқушысы Аида Қожақ таяуда “Нұрлы көжек” байқауында 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

ҰБТ-ның ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАДЫ-АУ, БІРАҚ…

Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталып, толық қорытындысы шығарылды. Облыс бойынша мектеп бітірген 4326 түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаны – 2410 оқушы. Еліміз бойынша ең жоғары орташа ұпай Алматы қаласында – 84,7, Ақтөбе облысы – 78,7, Астанада – 78,5. Біздің облыстың орташа балы – 77,42. Басқа өңірлермен салыстырғанда солтүстікқазақстандық түлектер 4-ші сатыда. Республика бойынша бұл осал көрсеткіш …

ҰБТ-ның ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАДЫ-АУ, БІРАҚ… Read More »

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫМ ЖИІЛІГІ

Қазіргі қазақ тілі оқулықтарына тоқталатын болсақ, көптеген оқулықтарға тән кемшілік – лексикалық және грамматикалық материалдарды сұрыптау қағидаттары сақталмайды. Әр сабақта беріліп отырған жаңа сөздер көбіне оқулықта енгізілген жаттығулар, тапсырмалар, мәтіндер негізінде кездейсоқ алынып, оқу материалын беруде сөздің жиілігі, сабақтастық қағидаттары ескерілмейді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін кейбір бастауыш топқа арналған оқулықтарға талдау жасап көрелік. Алғашқы шыққан …

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫМ ЖИІЛІГІ Read More »

КӨНЕ МЕКТЕПТІҢ МҰРАЖАЙЫ көп нәрседен сыр шертеді

Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылындағы №2 орта мектепке – биыл 85 жыл. Бұл шаңырақта білім нәрінен сусындаған түлектерден талай қайраткерлер шыққан. Осы мектептің қабырғасында өзінің балалық шағын өткізіп, ой-өрісін кеңейтіп кеткен түлектердің саны қаншама?! Орыс және қазақ тілінде білім беретін оқыту мекемесінде бүгінде 63 мұғалім қажырлы еңбек етуде. Оның 50 пайызы – жоғары білікті …

КӨНЕ МЕКТЕПТІҢ МҰРАЖАЙЫ көп нәрседен сыр шертеді Read More »

“АЛТЫН КӨМБЕ” КЛУБЫ – тәрбие көзі

Мен Мағжан Жұмабаев ауданындағы Возвышенка орта мектебінің мұғалімімін. Өзімнің 26 жылдық еңбек өтілімнің 25 жылында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ бердім, биыл алғаш рет қазақ сыныптарын да алдым. Білім ошағы аралас мектеп болғандықтан, қазақ балалары мен кейбір жас ата-аналар өздерінің салт-дәстүрлерін біле бермейді. Оның үстіне қазіргі жас ұрпақтың тәрбиесіне, жүріс-тұрыстарына да көңіліміз толмайтыны анық. …

“АЛТЫН КӨМБЕ” КЛУБЫ – тәрбие көзі Read More »

МҰХАМЕД – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі ұлтымыздың мәдени және рухани дәрежесін өз биігінен көрсете алатындай сегіз қырлы, бір сырлы, әлемдік бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі мәлім. Осы ретте біздің үкілеген үміттеріміздің бірі – Дәуқара орта мектебінің биылғы түлегі, өнер мен білім саласында өңір намысын қорғап жүрген Мұхамед Қоңқаев. Ол аталмыш мектептің тәлімгер-ұстазы Қасым Нұрғалиұлының ақындық …

МҰХАМЕД – МАҚТАНЫШЫМЫЗ Read More »

ҮЛГІ ТҰТАР ҰСТАЗЫМЫЗ БАР

Талшық орта мектебінде көп жыл еңбек еткен ұстаз Алтынай Жақыпованы зейнеткерлікке шығарып салу кеші өтті. Той иесін мектеп директоры Самал Бекбаева құттықтап, ұжым өнер көрсетті.  Алтынай Темірғалиқызы 1977 жылы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтының неміс тілі факультетін тамамдап, 1978 жылдан бері Талшық орта мектебінде ұстаздық етті. “Оқу ісінің үздігі”, жоғары санатты, тәжірибелі, талай дарынды шәкірт ұшырған …

ҮЛГІ ТҰТАР ҰСТАЗЫМЫЗ БАР Read More »

ҰСТАЗ БАҚЫТЫ — ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІНДЕ

Мен Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжін, одан кейін СҚМУ-ді мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарды оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірдім. Шал ақын ауданындағы Бірлік негізгі мектебінде еңбек етіп жүргеніме 20 жылдан асты. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарының мұғалімдігіне қоса мектептің шағын орталығында әдіскермін. Шағын орталықта әртүрлі жастағы 18 бала тәрбиеленеді. Қазіргі уақытта мектептегі 52 …

ҰСТАЗ БАҚЫТЫ — ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІНДЕ Read More »

ӘН ӘЛЕМІНЕ ЖЕТЕЛЕЙМІН

Мектепке дейінгі жастағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада – дыбыс, суретте – бояу, тіл дамытуда сөз арқылы жасалған көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамның жан дүниесінің үйлесімді қалыптасуын және рухани …

ӘН ӘЛЕМІНЕ ЖЕТЕЛЕЙМІН Read More »

ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА өз жеңімпаздарын анықтады

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы және Білім басқармасының ұйымдастыруымен Шал ақын ауданындағы “Аютас” сауықтыру лагері базасында “Ұстаз – 2013” жазғы спартакиадасы болып өтті. Оған барлық аудандардың, Петропавл қаласы мен М.Қозыбаев атындағы университеттің командалары, барлығы 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыс спорттың 6 түрі бойынша өткізілді. Тартысты өткен сайыста шахмат пен дойбыдан – Петропавл қаласына, тоғызқұмалақта …

ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА өз жеңімпаздарын анықтады Read More »

САРБАЗДАР СЕРТ БЕРДІ

Петропавлдағы әскери оқу орнының негізгі міндеті – еліміздің әскеріне білікті офицер мамандарды даярлау болса, Отан алдындағы әскери борышын өтеуге келген сарбаздар оқу үдерісінің қамтамасыз етілуіне жауап береді. Алматы қаласынан келген осындай жауынгерлердің бір легі маусымның 29-ы күні Әскери институттың мұражайында ант қабылдап, еліне аянбай қызмет етуге серт берді.  Руслан ЖАНГУЛИН, Ішкі әскер Әскери институтының баспасөз …

САРБАЗДАР СЕРТ БЕРДІ Read More »

РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жұмақтардың есіктері ашылатын, тозақтардың есіктері жабылатын Рамазан айына тура бір апта ғана қалды. Кеше “Қызылжар” орталық мешітінде БАҚ өкілдерімен кездескен ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Кенжетай Дүйсенбай осы оқиға жөнінде әңгіме қозғады. Ол ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлының Рамазан айына байланысты республика тұрғындарына арналған Үндеуін оқып берді. Жалпақ жамағатты мұсылмандықтың бір …

РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА бас имам БАҚ өкілдерімен кездесті Read More »

ҚОЛДЫ БОЛҒАН ҚАРУ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Петропавлдағы Бензострой ықшамауданының тұрғынын тонаған қарақшы ұсталды. Ұры жапа шегушінің құны 600 мың теңге болатын CZ 550 карабинін ұрлаған. Қолды болған қару иесіне қайтарылды. Бензострой ықшамауданының тұрғыны полицейлерге үйінің тоналғанын сенім телефоны арқылы хабарлаған. Бірнеше күндік іссапардан оралған қала тұрғыны баспанасының тоналғандығын байқаған. Оқиға орнына жеткен №2 қалалық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары есіктің құлпы бұзылмағандығын, …

ҚОЛДЫ БОЛҒАН ҚАРУ ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Read More »

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

Шілденің 2-сі мен 11-і күндері аралығында Сілеті су қоймасынан жоспарлы түрде су жіберіледі. Бұл туралы “Қазводхоз” РМК-ның Ақмола облыстық филиалы хабарлады. Сол себепті Сілеті өзенінің маңында мал жаятын тұрғындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері барынша абай болғандары жөн. Суға шомылу мен балық аулаудан бас тартыңыздар.Су деңгейінің күрт көтерілу қаупі бар болғандықтан, балық аулау мен суға …

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР Read More »

“АҚ БИДАЙ” ЖАҢА СТАДИОНДА ӨТКІЗІЛДІ

Айбек ХОРШАТ, Ақжар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы. Горьковское ауылында 200 орынға шақталған жаңа стадион салтанатты түрде ашылып, онда аудандық “Ақ бидай – 2013” жазғы спорт ойындарынан жарыс өтті. Спорттық сайыстарға ауданның 24 ауылдық округі мен Талшық ауылынан 200-ден астам спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен сайысты.   Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі …

“АҚ БИДАЙ” ЖАҢА СТАДИОНДА ӨТКІЗІЛДІ Read More »

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Маусымның 22-сі мен 30-ы күндері аралығында Ташкент қаласында армрестлингтен Азия чемпионаты өтті. 350 спортшы бағын сынады. Солтүстік Қазақстан облысының намысын “Қарасай” олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.   Абсолютті салмақ дәрежесінде әйелдер арасында Виктория Фролова жеңіске жетіп, халықаралық спорт шебері нормативін орындады. Юниорлар арасында спорт шебері Алексей Баталов жеңімпаз атанды. Ол …

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Read More »

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР ЕРЛЕДІ

Талдықорған қаласында велоспорттан өткен Қазақстан Республикасының ұлттық біріншілігінде жерлесіміз Бахтияр Қожатаев алтыннан алқа тақты. Дүбірлі додаға еліміздің барлық облыстарынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл сында өңір намысын қорғауға 20-дан астам велошабандоз қатысқан болатын.   50 шақырымдық критериум кезеңінде велоспорт бойынша ҚР спорт шебері Бахтияр Қожатаев мәреге бірінші болып жетті. Спорттың бұл түрімен 11 жыл айналысып …

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР ЕРЛЕДІ Read More »

ҚАЛАМ ОРНЫНА ҚАРУ ҰСТАП…

Өткен жексенбіде жергілікті БАҚ өкілдері пейнтбол жарысынан сынға түсті. Кәсіби мерекелерінің қарсаңында ұйымдастырылған өңірдегі алғашқы турнирге 10 құрама жиналды. Сайыс қорытындысы бойынша республикалық арналар мен басылымдардың меншікті тілшілерінің құрамасы алаңнан жеңімпаз болып шықты. Екінші орынды “1 Северный” телеарнасының әуесқойлары еншіледі. Үздік үштікті “Информ-Вест” апталық газетінің құрамы түйіндеді. Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз …

ҚАЛАМ ОРНЫНА ҚАРУ ҰСТАП… Read More »