Петропавлда республикалық Президенттік сынақтың облыстық кезеңі өтуде. Оған облыс аудандары мен Петропавл қаласының 10 құрама командасы, 160-қа жуық спортшы қатысуда.
Сынақ барысында сайыскерлер пневматикалық винтовкамен оқ атудан, қашықтыққа және спринттік жүгіруден, ұзындыққа секіру мен суда жүзуден шеберліктерін көрсететін болады.
Облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жеткіншектер өңір намысын республикалық біріншілікте қорғайды.
(Өз тілшіміз).