«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПТР тест нәтижесі жоқ Ресей азаматын Қазақстанға кіргізбей қойды

Ресей азаматы ПТР сертификатының болмауына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайынан шығарылды. Бұл туралы көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігер Садуақас Байғабулов «Facebook»-те хабарлады.

Оның айтуынша, бұл 21 қазанға қараған түні болған. Барлығы 871 жолаушысы бар 11 рейс елдің әуе портына келді, оның ішінде 679 адам сертификатпен, 192 адам сертификатсыз, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанға — алты рейс, 513 жолаушы, сертификатымен — 355, сертификатсыз — 158;
Алматыға — төрт рейс, 276 жолаушы, сертификатымен — 242, сертификатсыз — 34; Ақтауға — бір рейс, 82 жолаушы, сертификаттары бар — 82.
Сертификатсыз келген Қазақстан азаматтары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ПТР анализі үшін карантиндік ауруханаларға орналастырылды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp