«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР ҰРЫЛАРЫ ҰСТАЛДЫ

Петропавл қаласының ішкі істер бөліміне бірнеше қала тұрғынынан белгісіз біреулердің құлыпты бұзып, үйлерінен ақша мен зергерлік бұйымдар, басқа да құнды заттарды қолды еткені туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жеңіл жолмен пайда табуды көздеген қос азамат ұсталды. 28 және 30 жастағы күдіктілер бұрын да ұрлық үшін сотталғаны және екеуінің де есірткіге әуестігі бары анықталды. Олардың әрекеті көшедегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp