«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ресейде коронавирустан бір тәулікте 352 адам қайтыс болды

Ресейде соңғы тәулікте 352 адам коронавирустан қайтыс болды.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың мәліметі бойынша, Мәскеуде 75, Санкт-Петербургте 41, Ростов облысында 14 өлім тіркелген. Пандемия басталғалы бері аталған елде 33 186 адам коронавирустан көз жұмды.
Кеше Ресейдің 85 аймағында 22 572 адамнан коронавирус анықталды. Оның басым бөлігі Мәскеуде тіркелген. Онда 4 266 адам індет жұқтырған.
Айта кетейік, Ресейде пандемия басталғалы 1 925 825 адам коронавирус жұқтырды.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp