«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОЖДЕСТВО МЕЙРАМЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жылдағыдай Рождество мейрамына арналған құлшылық ету рәсімі қаңтардың 6-сынан 7-іне қараған түні православие шіркеулерінде өтті. Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы Вознесение кафедралды соборында болып, барлық православиеліктерді діни мерекемен құттықтады.

– Православиелік қауым өзге конфессиялардың өкілдерімен бірге өңіріміздің байлығын арттырып, қоғамымыздағы руханият пен төзімділікті нығайту үстінде. Мемлекеттің діни сезімдерге құрметпен және ұқыптылықпен қарауы, еліміздегі конфессияаралық келісім – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясатының нәтижесі. Баршаңызды Рождество мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, татулық, тыныштық пен құт-береке тілеймін! – деді Ерік Хамзаұлы.

Өз кезегінде Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир де жиналған жұртшылыққа игі тілегін жеткізіп, облыс әкіміне діни мейрамға деген ілтипаты үшін алғысын білдірді. Оның тілегін балалардың хор ұжымы рождестволық әнмен жалғастырып, өңір басшысына естелік сыйлық табыс етілді.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp