«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САБАНДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТТЫ

“Агро-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шал ақын ауданындағы белді агроқұрылымдардың бірі. Мал шаруашылығымен қатар егіншілікті қарқынды дамытуды мақсат еткен серіктестік Повозочное ауылының 125 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Шаруашылық әкімшілігі жылт еткен жаңалыққа елең етіп, жаңашылдық танытуда.

Олар бүгінде табиғат ресурстарын тиімді де үнемді пайдалану жобасын жүзеге асыруда. Көптеген шаруашылықтар егіннің сабақтарын қыс бойы қардың астында шірітіп, көктемде күйдіреді. Еш кәдеге жарамаған сабаннан өрт шығып, табиғатқа залал да келіп жатады. Ал “Агро-Север” серіктестігі бұл мәселенің тиімді жолын тапқан. Шаруашылық қырман басындағы астығын кептіру үшін пеш қолданып, ол пешті сабанмен қыздыру тәсілін игерген. Енді серіктестік ауылдағы әлеуметтік нысандарды да осылай жылыта бастады.

– Экологиялық таза отын. Бұған дейін жанармайды көп қолданатын едік. Шаруашылықта екі заманауи қазандық жұмыс істеп тұр. Бұл астығымызды кептіруге, елді мекеннің әлеуметтік нысандарын жылытуға жетеді. Барлық дәнді дақылдардың сабандары қолданылады, – дейді агроқұрылым директоры Николай Луговой.

Талғат ТӘНІБАЕВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp