«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы сайлау кезінде барлық учаскелерде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша брифинг өткізді.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Денис Шуваев сайлау өткізілетін нысандарды төтенше оқиғалардан сақтауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы айтып, 697 учаске төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің аумақтық органының бақылауына алынғанын сөз етті.

– Бүгінде сайлау өтетін 51 нысанға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар беріліп, тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар, оқиға орын алған жағдайда эвакуациялау мүмкіндігіне, әр нысанда алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына, сондай-ақ, мамандардың біліктілігін арттыра түсуге ерекше көңіл бөлінді. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталған жоқ, – деді Денис Шуваев.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp