Петропавл қаласында балалар арасында би фестивалі өтті. Мерекелік шараға 6-17 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.
Өз өнерін ортаға салып, көптің көңілінен шығуға ұмтылған қатысушылар бұл күні жиналған көрерменге түрлі жанрдағы билерді ұсынды. Жас таланттар, тіпті сахнада өткен ғасырдың 80-ші жылдары танымал болған “Диско” биін де нақышына келтіре орындады.
– Бүгінгі фестивалға биді жаны сүйетін жас жеткіншектер қатысуда. Біз осындай шаралар арқылы оларды сахнаға бейімдейміз. Енді ақпан айының соңында қаламыздағы әнші-бишілердің арасында “Үш жұлдыз” байқауын өткіземіз, – дейді қалалық балалар-жасөспірімдер орталығының мектептен тыс жұмыс жөніндегі әдіскері Наталья Дементьева.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған би фестиваліне қаламыздағы 20 балалар мен жасөспірімдер клубынан 100-ге жуық өнерпаз қатысты.
(Өз тілшіміз).