«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының алаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, танымал әнші Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған шара өтті. Қазақтың ән аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, өз қолтаңбасын қалдырып үлгерген, жақында ғана өмірден озған аяулы әнші жайында айтылған жылы лебіздер, ол туралы көрсетілген бейнесюжеттер көшедегі жүргіншілердің де назарын еріксіз аударды. Көңілдеріне мұң, көздеріне жас алған жиналғандар әншінің “Атамекен”, “Отан-Ана”, “Джулия” әндерін бірге тебірене шырқады.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі Әсия Бисимбаеваның айтуынша, аталмыш жиын өзі өмірден өтсе де, артына өлмейтіндей ән қалдырған Батырхан Шүкеновтің 18 мамыр туған күніне орай өткізілуде. “Біздің мақсатымыз әншінің әндерін сүйіп тыңдайтын, оның сырлы әуездеріне ұйыған жұртшылықтың көңіліне қаяу түсірмей, өнер жұлдызының өнегелі өмірін, ұрпаққа аманат болып қалған өлмес әндерін еске алу болатын, – дейді ол.  

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp