«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ

Өмір-арна, уақыт-өзен буырқанған ағыла,

Сағым-жылдар сырғып өтті жылжып бір жыл тағы да.

Өткен күндер оралмайды өз орнына қайтадан,

Кеткен күнге қарайлаймыз тек қол бұлғап, сағына.

Еске түссе интернатта басталатын әр таңым,

Жүрек, шіркін, елжірейді көңіліме арта мұң.

Алғаш рет ғашық болып бала махаббатпен,

Сезімімді жазушы едім жиегіне партаның.

Мектебімнің ұстаздарын айтар болсам жыр бөлек,

Мейірімді жүздері әсем жүректерге нұр беред.

Мыңнан тұлпар ұстаздар көп… Бірақ, бірақ мен үшін,

“Дарындағы” ұстаздардың орындары бір бөлек.

О, мектебім, сенде қалып бара жатыр шат күнім,

Ол шат күндер есте қалар болып мәңгі тәтті мұң.

Енді біздер естімейміз қоңыраудың сыңғырын,

Енді ол күндер аңсау болар шақ бүгін.

О, мектебім, жүректерде қалады тек жаңғырық,

Қанатымыз қатайғанда түлеп ұшу – заңдылық.

Сенің арқаң менің әрбір жетістігім, жырым да,

Бір өзіңе қарыздармын, қарыздармын мәңгілік!

Алтынбек ӘДІЛБЕК,

студент.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp