АҚШ-тағы Сьерра Невада тауының етегінде әлемдегі ең үлкен Секвойя ағаштары өседі. Ағаштардың биіктігі 20 қабатты үйдің биіктігіне тең келеді. “Секвойя” ұлттық саябағында “Бастық” деп аталатын ағаш әлемнің ең кәрі және ең үлкен екінші ағашы болып есептеледі. Ағаштың жасы – 3200 жыл, биіктігі – 74 метр, ал ені – 28,5 метр. Сол аймақтағы “Генерал грант” деп аталатын секвойя ағашы әлі жас болса да, көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен ағаш болып есептеледі. Бұл ағаштың биіктігі – 82 метр, ал диаметрі 33 метрді құрайды. Ағаштың жалпы салмағы екі мың тоннадан асады. Бұл алып ағаштың гүлдеуі үшін 175-200 жыл керек. Отаны Солтүстік Америка болып табылатын секвойя ағаштары әрқашан жасыл түсте болады. Ағаштың 72 сантиметрге жететін қалың қабықтары бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 05.12.2025
- 1 қаралым
- 05.12.2025
- 1 қаралым
- 05.12.2025
- 7 қаралым
- 02.12.2025
- 9 қаралым
- 02.12.2025
- 15 қаралым