«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚОЛДАУЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасын солтүстікқазақстандықтар бірауыздан қолдауда. Солардың бірқатарының лебіздері мынадай:

Сергей Худяков,  

“СҚО Азаматтық альянс қауымдастығы” бірлестігінің төрағасы:

– Шатқаяқтап тұрған заманда біз әлемдік дағдарыстың кесірін сезінбеуіміз қажет. Ол Қазақстанға кедергісін келтірмеуі тиіс. Бізге тұрақтылық пен бірлік аса қажет. Азаматтық қоғам да Ассамблея шешімін қолдағаны абзал. Жалпы барлық үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдайды. Оған біз де үн қосамыз.

Бақытжан Сәмиева,

“Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы” СҚОФ төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Ассамблея өкілдері Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс жасады. Оны азаматтық қоғам да қолдайды деген сенімдемін. Әлемдік дағдарыс жағдайында бұл сайлаудың қажеттігі анық. Осындай қиын кезеңде біз күш біріктіріп, Елбасымыз жүктеген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауымыз қажет. Біздің еліміз бұған дейін де талай қысылтаяң сәттерден қиналмай шықты. Алдағы уақытта да солай болатынына біз нық сенеміз.

Таңат Сүгірбаев,

“Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

– 2016 жылы Конституцияға сәйкес, Президент пен Парламенттің өкілеттік мерзімдері аяқталып, тиісінше сайлаулар өткізілуі тиіс. Ал бір жылдың ішінде бұл екі науқанды қатар өткізу оңайға соқпасы аян. Сондықтан Ассамблея мүшелері әлемдегі ушыққан геосаяси жағдай мен дағдарыстан елімізді абыроймен алып шығатын басшыны қазір сайлап алған жөн деп отыр. Оны біз де мақұлдаймыз.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp