«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҒЫС ОТЫ ТҰТАНҒАН КҮН МӘҢГІЛІК ЕСІМІЗДЕ

«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына орай өткен жиынға майдангерлер мен еңбек ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мұражайлар мен кітапханалардың қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты. Шара «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық жобаның аясында ұйымдастырылды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов бұдан 75 жыл бұрын бұрқ еткен соғыс отының зардабы, халқымыздың ерен ерлігі, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі, асқан ұйымшылдықтың арқасында жауды талқандаған қаһармандық жайында баяндады.

Еңбек ардагері Тілек Әбдірахманов еліміз халқының, соның ішінде солтүстікқазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан орасан үлесі хақында тебірене айтты.

Жиында бас қосқандар әлемдік апаттың басталған сәтін ойша көзге елестете отырып, жүректеріне өшпес жара салған зардаптың зілбатпан салмағы жайлы естеліктерін ортаға салды.

Жиын соңында облыстық және аудандық ардагерлер кеңестеріне, кітапханалар мен мұражайларға «Ұлы Жеңістің қазақстандық батырлары» атты кітап сыйға тартылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp