Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде барлық өнімнің шамамен 85 пайызын реттейтін 46 техникалық регламент бар. Мұнда азық-түлік және химия өнімдеріне, темір жол көлігі, автомобиль, ойыншық және т.б. тауарларға қойылатын талаптар көрсетілген.
Алайда, цифрлық экономика дәуірінде ЕАЭО техникалық регла-менттеріндегі өнімдерге қойыла-тын қауіпсіздік шарттарын белгі-леуден басқа, “озық талаптар” ор-натуға да дайын болу қажет. Бұл одақ елдерінің стандарттау, метро-логия және аккредиттеу саласын-да еуразиялық интеграция мәсе-лелерін белсенді түрде көтеруін талап етеді.
“Технологиялар 4.0”, “Заттар-дың интернеті”, био және нанотех-нологияларды пайдалану, өнімді өндірудің, өңдеудің жаңа модель-деріне көшу – бүгінгі күннің талабы. Бұл қазіргі заманғы озық стандарт-тарға қол жеткізуге, жаңа техноло-гияларды енгізуге ынталандыра-ды. Осыған орай мемлекетаралық стандарттардың қолданыстағы ба-засының негізін құрайтын 19 мың-нан астам жалпы стандарт бүгінде жаңғыртуды, қайта қарауды және жаңартуды талап етеді. Өйткені, одақ елдерінде өндірілген өнім-дердің қауіпсіздік параметрлері мен техникалық талаптарға сәйкес келуі үшін талаптарды барынша үйлестіру және біріктіру маңызды.
Еліміздің ұлттық жүйесін үйлес-тіру және халықаралық үлгідегі өлшемдердің біркелкілігін қамта-масыз ету мақсатында “Стан-дарттау туралы” және “Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бо-йынша кейбір заңнамалық актіле-ріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңдарына өзгеріс-тер енгізілуде. Жаңартылған заң-дар 2019 жылдың 10 сәуірінде күшіне енетін болады. Бұл заңдар жобасы мемлекеттік реттеу меха-низмдерін мейлінше жетілдіруге, метрологиялық қамсыздандыру мәселелері жөнінде сала ішілік және салааралық үйлестіруді жақ-сартуға, бизнеске әкімшілік ықпал етуді төмендетуге, кәсіпкерлікті да-мыту мен калибрлеу арқылы өзін-өзі реттеу нарығында метроло-гиялық қызметті дамытуға, өлшем дәлдігін ұлғайту арқылы отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, шетелдік серіктестердің өлшем және сынақ нәтижелеріне сенімін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сертификаттау жүйесін жетілдіру, өнімді қадағалауды қам-тамасыз ету, техникалық реттеу саласындағы бизнес-үдерістерді автоматтандыру және кеден ор-гандарының ақпараттық базалары, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ауыл шаруашы-лығы, ақпараттық технологиялар-ды жетілдіру арқылы “E-ТРМК” бі-рыңғай ақпараттық жүйесі құрыл-ды. Жаңа жүйе өнімді өндіруден бастап жүзеге асыруға дейін қада-ғалауды қамтамасыз етуге мүмкін-дік береді. Алдағы уақытта тұтыну-шылар үшін тауарды теңестіре алатын мобильді қосымшаны ен-гізу көзделуде. Сонымен қатар Қа-зақстан Республикасының мем-лекеттік рәміздерін шығаруға ли-цензия, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау тура-лы сертификаттар беру, сондай-ақ, шетелдердің халықаралық, өңірлік стандарттарын тіркеуге қою сияқты мемлекеттік қызмет көрсету мер-зімдері қысқартылды.
Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей елінің бі-рыңғай талаптарға өтіп, стандарт-тау, метрология, аккредиттеу сияқ-ты техникалық реттеу элемент-терін жетілдіруінің нәтижесінде одақтың техникалық регламент-терін қолдануға байланысты бар-лық функциялар мен міндеттерді үйлестіруіне қол жеткізілді. Бұл халықаралық салаларда танылған практикаға көшуге мүмкіндік бере-ді. Ендігі кезекте қолданыстағы нормативтерді тиімді пайдалануы-мыз қажет.
Екатерина ПАРШИНА,
Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің бас маманы.