Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға 2,5 мың микронесие бөлмек. Бұл жаңа жобаның операторы болып «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бекітілді.
Микронесиелер жаңа кәсіпорындар ашуға немесе бизнесті дамытуға 6 пайыздық мөлшерлемемен 16 миллион теңгеге дейін беріледі. Микронесие беру екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жұмыссыздықпен күресіп, өзін-өзі қамтиытын азаматтар санын арттыру үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қалаларда оқыту көзделіп отыр. Мақсатты индикаторлар бойынша жыл сайын 2,5 мың қарыз беріліп, олардың 20 пайызы стартап-жобаларға бағытталады.