«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҚАРСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде “Сыбайлас жемқорлыққа “Жоқ!” дейміз” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Департамент инспекторы Светлана Зайцева студенттерге сыбайлас жемқорлықтың әр түрлі көріністері туралы мәлімет беріп, оның себептеріне, қоғамға төндіретін қаупіне тоқталды.

Семинардың тренингтік кезеңінде колледж студенттері қазіргі қоғамдағы “бармақ басты, көз қысты” әрекеттерден мысалдар келтіріп, осы тақырыптағы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді. Іс-шара соңында топтарға бөлінген жастарға “Сыбайлас жемқорлыққа “Жоқ!” дейміз” тақырыбына жарнама жасап, оның тұсаукесерін жасауға тапсырма берілді.
“Сыбайластық мемлекеттік институттарға сенімсіздік туғызып, халықаралық деңгейде еліміздің теріс беделін қалыптастырады. Сондықтан жастар осы қоғам кеселіне қарсы күресуі тиіс”, – деді колледж оқытушысы Құндыз Малғаждарова. 

Сурет http://mvd.gov.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp