«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТТЕР СЫР ШЕРТЕДІ

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды.

Бұл күні мұражайға келушілер егемен еліміздің дамуы мен көркею жолында жасаған алғашқы қадамдары мен маңызды сәттері бейнеленген жетпістен аса суретті тамашалауға мүмкіндік алды.

– Көрмеге 2000 жылдан бастап бүгінге дейін республикадағы және облысымыздағы тарихи оқиғаларға қатысты суреттер қойылды. Ел тарихынан сыр шерткен суреттердің басым бөлігі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған. Себебі, тәуелсіздік жылдарында елімізде тұрақтылық пен татулықтың орнауы – Елбасымыздың арқасы, – дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері Жібек Жүзенова.  

Көрме үстіміздегі жылдың 15 ақпанына дейін жұмыс істейді.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp