«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУҒА ШАБАҚТАР ЖІБЕРІЛДІ

Петропавл балық тәлімбағы өңірдегі өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Бірнеше кезеңнен тұратын науқанның алғашқы күні Петропавл су қоймасына сиг тұқымдас балықтардың 6,5 миллионға жуық шабақтары жіберілді.

Бұл жұмыстарды атқаруға мемлекет тарапынан 44,5 миллион теңге бөлініп отыр. Аса жауапты шараға тыңғылықты дайындық қоңыр күзден басталып, жақын өңірлердің су айдындарынан жиналған уылдырық инкубациялық цехтарда өсіріліп, жалпы саны 44 миллионға жеткен. “Арнайы құрылған комиссияның шешімімен ауа толтырылған полиэтилен қапшықтарға 100 мың данадан салынып, алғашқы легі өзен-көлдерге жіберілді”, – деді телефон арқылы сөйлескенімізде Петропавл балық тәлімбағының директоры Ерлан Жұмабаев.

Ерлан Қойшығалиұлының айтуына қарағанда, шабақтардың табиғи ортада жетіліп кетуі ұдайы қадағаланып отырады. Жауапты науқан барысында атқарылатын қауырт шаралар балық қорын ұлғайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді. Жуық арада Сергеев су қоймасына 26 миллион, араға бірер күн салып 12 миллион рибус тұқымдас балықтың дернәсілдері жіберілмек. Мемлекеттік тапсырыс аяқталғаннан кейін көлдерді жалға алушылардың уылдырықтар мен шабақтарға тапсырыстары орындалады. 

 

Сурет: https://ru.wikipedia.org/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp