«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАТТЫҒУЫ

Жуырда “2015 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жоюға мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару органдарын, күш-құрылымдарын және құралдарын әзірлеу” тақырыбында “Көктем – 2015” республикалық командалық-штабтық оқужаттығу (РКШО) өтті. Оның басқару штабы Ақтау қаласында орналасты.

РКШО аясында Есіл ауданында облыс әкімінің орынбасары – төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Владимир Бубенконың жалпы басшылығымен кешенді оқу-жаттығу шаралары жүргізілді.

13 наурыз күні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтің басшылығымен “Көктем – 2015” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың қорытындысына арналған бейнеконференция болды. Онда көктемгі су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға күш-құрылымдардың және құралдардың әзірлігі туралы облыстық комиссия төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Бейнеконференция кезінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Бубенко су тасқыны кезіндегі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жоюға аумақтық мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйелерінің әзірлігі туралы баяндады. Владимир Бубенко РКШО кезінде шұғыл әрекет ету отрядтарының, техникалары мен жарақтарының байқаулары өткізілгенін, ТЖ-ны жою бойынша нысандарда құтқару-қалпына келтіру жұмыстарын атқаруға, су қоймаларында құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған құтқару бөлімшелерінің әрекеттері іс жүзінде игерілгенін айтып шықты.

Сөзінің соңында Владимир Бубенко:

– Өмір сүруді қамтамасыз ететін нысандардың қалыпты жұмыс істеуін арттыру, су тасқынына қарсы шараларды өткізу және болуы мүмкін материалдық шығындарды барынша азайтуға арналған барлық қажетті шараларды қолдандық, – деді.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp