Өткен аптада облыс бойынша жиырмадан астам өрт тіркелді.
Мамлютка қаласында түн ауа тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан бір пәтерде ақауы бар тұрмыстық газ баллоны жарылып, әйтеуір жалын жайыла қойған жоқ. Алайда, пәтер иесі – 85 жастағы қария 2-3 дәрежелі дене күйігін алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылындағы қос пәтерлі тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған өрт бөлменің ішкі қабаты мен үй иелерінің мүліктерін бүлдірді.
Өткен аптада облыста шөп қоймаларында 6 өрт оқиғасы тіркеліп, жалпы алғанда 16 тоннадан астам мал азығы жойылды. Қыркүйектен бастап, қазанның бірінші онкүндігі аралығында осындай 26 факті орын алып, оның салдарынан 462,7 тонна шөп жанып кетті.
От жалынынан зардап шекпеу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаған жөн. Ауа райы суытқан сайын өз баспаналарыңыз бен қора-қопсыларыңыздағы өртке қарсы шараларға баса назар аударыңыздар.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.