Бірінші лига командалары кезекті тур ойындарын өткізді. “Қызылжар” футбол командасы сырт алаңда “Қыранмен” кездескен болатын.
Шымкентте өткен мачтың 58-ші минутында команда шабуылшысы Мамаду Сисей соққан гол петропавлдықтарға жеңіс әкелді. Осы жеңістен кейін 39 ұпай жинаған “Қызылжар” турнир кестесіндегі үшінші орынын сақтап қалды. Топ басында 43 ұпайы бар “Каспий” орналасса, бір ұпайы төмен “Алтай” екінші сатыда.