«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘТТІ ҚАДАМ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов “UFC 254” турнирінде ал­ғашқы кездесуін өткізіп, бразилиялық қар­сы­ласын мерзімінен бұрын жеңді.

“Ковбой” лақап атымен таны­мал бразилия­лық файтер Алекс Оливейра бұл кезде­суде отан­да­сымызға қарсы бір раунд та қар­сы тұра алмады. Жекпе-жек­тің бірінші кезеңі аяқталуға са­наулы секундтар қалғанда ол қа­зақстандықтың жасаған қыл­қын­дыру әді­сінен кейін жеңілгенін мойындап, жекпе-жек­ті жалғас­ты­рудан бас тартты. Осылай­ша, қазақстандық спорттық ман­са­бындағы – 13-ші, ал әлемдік бел­ді ұйым “UFC” аясын­дағы ал­ғаш­қы жеңісіне қол жеткізді.
Шавкат Рахмонов “Жауын­герлер ара­лын­да” өткен ереже­сіз жекпе-жекте қомақ­ты сый­ақы­ға ие болғанын да айта кет­кен жөн. Ол октагонға шыққаны үшін 10 мың АҚШ доллары және жеңісі үшін дәл соншама сыйақы ал­ды. Бұдан бөлек, қарсыла­сы­ның таразыдағы салмағы артық бол­ғаны үшін ол Шавкат Рахмонов­қа өз гонорарының 14 мыңын “сыйлайды”.
Айта кетейік, “UFC 254” тур­нирінің басты жекпе-жегінде ре­сейлік Хабиб Нурмаго­ме­дов пен америкалық Джастин Гэтжи жұ­ды­рықтасқан болатын. Дағыстан­дық саңлақ екінші раундта қарсыласын “ұйықтатып” тас­та­ды. 29-шы жеңісіне қол жеткізген Ха­биб Нурмагомедов жекпе-жек соңында спорт­тық мансабын аяқтайтынын мәлім­деді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp