15 қараша күні Қызылжар ауданында тұратын 65 жастағы бақташы жоғалған жылқыларды табуға көмек сұрап, полицияға жүгінген. Жоғалған он төрт жылқының өзіне тиесілі он бірі Прибрежное ауылы маңында табынды қараусыз қалдырған кезде жоғалған. Ер адам ұлымен бірге жылқыларды үш күн бойы іздеген. Осы уақыт аралығында қар жауып, іздер көрінбей қалғанына қарамастан, төрт полиция тобы іздеуге кіріседі. Жылқылар Қарғалы аралы ауданы маңынан табылды, бәрі түгел. Бақташыға қатысты материал жинастырылды. Үстіміздегі жылы ол баққан жылқы табыны жолға шығып, өтіп бара жатқан көліктерге қауіп төндіргені үшін жауапқа тартылған екен.
15 тамыздан бастап күшіне енген мал бағу ережелерін бұзушылық үшін Қызылжар ауданында 149 материал жиналды, 23 адам таңба салынбаған мал үшін жауапқа тартылды. Полицейлерге мал иелерін анықтау үшін қаңғып жүрген малды арнайы тұраққа он рет айдап апаруға тура келген.