«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тал түстегі тонау

Петропавлда “Корона” сауда үйі­нің маңында таңғы сағат 10 ша­масында белгісіз ұры жайбарақат кетіп бара жатқан әйелдің қолы­нан ақша салынған пакетті жұлып алып, үйлердің арасымен қаша жө­нелген. Айқайға басқан әйелдің дауысын қалалық патрульдік по­ли­ция батальоны экипажының қыз­меткерлері естіп, полиция аға лейтенанты Асқар Татанов ұры­ның соңынан қуа жөнеледі. Қуғын­шыны байқаған қаскөй қолындағы пакетін лақтыра салып, аулалар­дың бірінде жасырынып қалмақ болған. Алайда, полиция қызмет­кері оны қуып жетіп, жедел-тергеу то­бына тапсырды. Ішінде 4 мил­лион теңгеден астам ақшасы бар пакет бірден иесіне қайтарылды.

Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 34 жастағы петропавлдық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp