Қызылжар ауданындағы Преснов ауылдық кітапханасы өз оқырмандары үшін “Алтын орда – алтын бесік: қазақ мемлекеттігінің бастауы” атты онлайн шара өткізді.
Кітапханашы Сәуле Жақыпова Қызылжар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің көмегімен желі пайдаланушыларына Алтын Орданың 750 жылдығына орай оның мемлекеттік құрылымы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті туралы бейнефильм ұсынды. Хандықтың негізін қалаушы Батый мен одан кейінгі Өзбек хандардың тұсында ел өрлеу кезеңін бастан кешірді. Ішкі және сыртқы сауда дамып, халықтың тұрмысы артқан.
– Бұған дейін де Алтын Орда жайында танымдық шаралар ұйымдастырылды. Біз осы жолы империяның тарихта алатын рөлін, оның билеушілері жайында ақпарат беруге тырыстық. Біздің кітапханада аталмыш кезеңге қатысты әдебиеттер өте көп. Карантин аяқталған соң ауыл тұрғындары мен қонақтары олардың әрқайсысымен таныса алады, – дейді Сәуле Жақыпова.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.