«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАПҚЫРЛАР ТАРТЫСЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тоғызқұмалақтан турнир өтті. Қазақстанның мемлекет қайраткері, жазушы Смағұл Сәдуақасовтың 120 жылдығына арналған бәсекеде оқытушылар мен студенттер ой жарыстырды.

“Nur Otan” партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған жарыстың мақсаты – студенттер арасында саламатты өмір салтын насихаттап, ұлттық спорт түрлерінің дамуына ықпал ету.
Турнирге екі ойыншыдан жасақталған бес факультеттің командалары бақ сынады. Зияткерлік «жекпе-жектің» нәтижесінде жалпыкомандалық есепте математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің құрамасы топ жарды. Инженерлік және цифрлық технологиялар факультетінің командасы екінші орынды иеленсе, агротехнологиялық факультет өкілдері үздік үштікті түйіндеді. Ал жекелей сында қыздар арасында Кәмшат Құрсақова үздік деп танылса, ерлер ішінен Ерлан Маликовке тең келер ешкім болмады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp