Петропавлдағы «Евразийский» базарының аумағындағы мейрамханада өрт шығып, 32 адам құтқарылды.
От 170 шаршы метрді қамтып, ғимараттың төбесін зақымдаған. Мамандардың бағалауынша, үшінші, жоғары дәрежелі деп танылған өртті сөндіруге 20-дан астам техника мен 70-ке жуық құтқарушы тартылған.
Жақында ғана қалпына келтірілген бұл ғимарат ХХ ғасырдың басында салынған диірмен болатын, Петропавлдағы сәулет ескерткіштерінің бірі. Қазір мұнда түрлі кеңселер, ателье, салондар жұмыс істеп жатыр.