«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРЛАНДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі саласында адал жұмыс істеп, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруде өзінің үлесін қосқан зейнеткерлердің бірі – Владимир Назаров 90 жасқа толды. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Рустан Ахметжанов пен облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Николай Данилов мерейтой иесін құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.

Соғыс ардагері Владимир Иванович торқалы туған күнімен құттықтауға келген қонақтардың жылы лебізін тыңдап, еңбек еткен күндерін еске алып, ғибратқа толы әңгімелер айтты.  

Мерейтой иесіне облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұжымынан сыйлық ретінде шағын қаржылай көмек көрсетілді.

Бүгінде тоқсанның төріне шыққан ардагер ақсақалға тек осы күні ғана емес, әрдайым көңіл аударылып, қажетті көмек көрсетіліп тұрады. Бұл – біздің алдыңғы толқын алдындағы азаматтық парызымыз.

Айнагүл САДИКОВА,

облыс бойынша қылмыстық-атқару

жүйесі департаментінің бас маманы,

әділет капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp