«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРТЫМДЫ ЖОБАЛАР

Жергілікті нарықта жаңа технологияларды қолданып, озық жобаларды жүзеге асыруға бағдарланған «Eurasian Milk» ЖШС өндірісті жаңғыртудың арқасында сапалы сүт өнімдерін тұтынушыларға ұсынып келеді. Әсіресе, ірімшік пен сарымайға сұраныс жоғары. Қазір мұнда 200-ден астам адам еңбек етеді. Енді қоюлатылған сүт өндіретін жаңа желі іске қосылмақ. Оған салынған инвестиция мөлшері – 50 миллион доллар, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 70 миллион долларға дейін ұлғаймақ.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорында болып, өндірісті қарқынды жаңғырту жайымен танысты. Зауытта заманауи еуропалық қондырғылар орнатылған. Тәулігіне 150 тонна сүт өңделеді, биыл өндірістік қуат екі есеге дейін арттырылмақ. Жылына 45 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған.

Бұдан бөлек, облыс орталығында Петропавлда толық циклді ет өңдеу ке шені пайдалануға беріліп, 100 жаңа жұмыс орны ашылады. «Proviant» серіктестігі ұзақ уақыт бойы жұмысын тоқтатқан бұрынғы ет комбинатын жандандыруға қомақты қаржы құйып отыр.

Тың жоба аясында жабдықтарды толық жаңарту, сою цехын салу, заманауи ет өңдеу технологияларын енгізу, қалдықсыз өндірісті жолға қою, сапалы шұжық өнімдерін шығару циклды жүйесі қарастырылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp