«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тату көрші туысыңдай

Ресейлік “Урал-Еуразия” сараптама тобының өкілдері “Тату көрші” акциясы аясында елімізге гуманитарлық көмек жөнелтуде. Осыған дейін Екатеринбургтен 1,5 миллион рубльдің гуманитарлық көмегі жеткізіліп, ол  Қостанай, Көкшетау және Петропавл қалаларына бөлінген болатын. Осы жолы елімізге Свердловск облысының азаматтық қоғам өкілдері жіберген көмектің бір бөлігі әкелінді.

– Біздің бірлестік “Урал-Еуразия” сараптама тобымен тығыз байланыс орнатқан. Осы күнге дейін көптеген бірлескен шаралар ұйымдастырдық. Қауіпті індетті еңсеріп, есімізді жиған кезде жоспарланған шараларды міндетті түрде өткізетін боламыз, – деген  “Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің өңіріміздегі филиалының жетекшісі Владимир Витченко ресейлік әріптестері Қазақстандағы жағдайды естігеннен кейін осындай акция ұйымдастыруға шешім қабылдағанын айтты.

Медициналық қолғаптар, бетперделер, қан қысымын бақылау құралдары, электронды термометрлер, медициналық ингаляторлар облыс орталығындағы ауруханалар мен емханаларға таратылмақ. Ал дәрумендер мен парацетамол  мұқтаж жандарға  тегін үлестіріледі.

Алдағы күндері  аталған акция аясында Мәскеу, Уфа, Саратов, Астрахань, Новосібір, Орынбор және Қазан қалаларының үкіметтік емес ұйымдары да  елімізге  100 мыңнан астам бетперде, 20 мың қолғап, тонометр, термометр және антисептик жібермек.

Мария  ТАТАРЕНКО,

“Қоғамдық келісім”  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp