«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Владимир Степанович Бубенко облыс әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Владимир Степанович Бубенко 1954 жылы туған, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Калинин атындағы кеңшардың аға диспетчері болып бастады.

Молодежный” кеңшарының машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Булаев аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, “Медвежинский” кеңшарының бас инженері, Соколов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, аудандық агро-өнеркәсіп бірлестігі төрағасының орынбасары, төрағасы, МТС базасының басқарушысы, Соколов аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, Соколов ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, әкімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының бірінші орынбасары, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары, Есіл ауданының әкімі, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып істеді.

Осы тағайындауға дейін Мамлют ауданының әкімі болды.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мамлют аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ерболат Мұратұлы Бекшенов Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ерболат Мұратұлы Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген

Еңбек жолын “Бекшенов” шаруа-фермерлік қожалығы жетекшісінің орынбасары болып бастады.

Ет” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экспедитор, маркетинг бөлімінің меңгерушісі, менеджері, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округінің әкімі, Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары, әкімі қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Мамлют ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp