Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тайынша аудандық мәслихатының келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Ержан Иманслямұлы Иманслям Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ержан Иманслямұлы 1972 жылы Павлодар облысының Качира кентінде туған.
2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, ал 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген. “Құқықтану бакалавры”, “Экономика мен бизнес бакалавры” мамандықтарына ие.
Еңбек жолын 1994 жылы Павлодар облыстық ішкі істер басқармасында бастады.
1997 жылдан 1999 жылға дейін Павлодар облысындағы Качир ауданы прокурорының аға көмекшісі болып еңбек етті.
1999 жылдан 2000 жылға дейін Павлодар облыстық ішкі істер басқармасында қызмет атқарды.
2005 жылы Павлодар облысының Качир аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кадрлық, құқықтық мәселелер және құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы болды.
2005 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар облысының Качир ауданы әкімі аппаратының құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарды.
2007 жылы Павлодар облысының Качир ауданы әкімі аппаратының құқықтық және кадрлық жұмыстар жөніндегі бас маманы; Павлодар облысының Качир ауданы әкімі аппаратының құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы болды.
2007 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысының Качир ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.
2008 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар облысының Ақсу қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болып еңбек етті.
2010 жылдан 2011 жылға дейін – Павлодар облысының Ақсу қаласы әкімінің орынбасары.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Павлодар қаласы әкімі аппаратының жетекшісі болып қызмет істеді.
2013 жылдан 2014 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
2014 жылы “СҚО Индустриялық-инновациялық даму басқармасы” ММ-нің индустриялық-инновациялық және стратегиялық даму бөлімі басшысының міндетін атқарды; “СҚО Индустриялық-инновациялық даму басқармасы” ММ-нің индустриялық-инновациялық және стратегиялық даму бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2014 жылдан осы тағайындауға дейін “СҚО Индустриялық-инновациялық даму басқармасы” ММ-нің өнеркәсіпті дамыту және жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы болды.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.
