Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Әсем Қалашбайқызы Рахметова Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Әсем Қалашбайқызы 1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туған.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында бастаған.
2002-2005 жылдары келісімшарт бойынша 2032 әскери бөлімінде қызмет атқарды.
2005 жылдан бастап “Қазақстан” телеарнасының облыстық филиалында редактор, аға редактор, “Муниципалдық телерадиоарнасында” редактор, Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.
2014 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы қызметінде болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.